Ақтөбеде сабақ кезінде шыбын-шіркейді улауға рұқсат берген завуч жұмыстан қуылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 06:14 zakon.kz
Нақты сабақ кезінде өткізгені үшін мектептің директорына және қалалық білім бөлімінің басшысына қатаң тәртіп жазасы қолданылды, қатаң сөгіс түрінде.

Ақтөбеде шыбын-шіркейдің кесірінен мектептің шаруашылық меңгерушісі жұмыстан қуылды. Ол білім ошағының жертөлесіндегі зиянкестерді улатпақшы болғаны үшін басы бәлеге қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Желіде осыдан екі апта бұрын №9 гимназияның оқушылары түсірген видео пайда болды. Сабақ кезінде бөлмені түтін алып кетеді. Өрт шықты деп шошынған балалар далаға атып шыққан. Сөйтсе мектептің жертөлесіне шыбын-шіркей мен тышқан улауға дизенфекция мамандары түтіндік қойыпты. Ал мектеп директоры: "Сабақтың аяқталғанын күтпей улаулаға рұқсат берген – шаруашылық меңгеруші" деп ақталды. Сондықтан басшы тек қатаң сөгіспен құтылды. Сондай-ақ каникулды күтпей шыбын-шіркей улауға жол бергені үшін қалалық білім бөлімінің басшысы да жазасыз қалмады. Оған да сөгіс жарияланған.

Нұргүл Бертілеуова, Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары:

Нақты сабақ кезінде өткізгені үшін мектептің директорына және қалалық білім бөлімінің басшысына қатаң тәртіп жазасы қолданылды, қатаң сөгіс түрінде. Сонымен бірге осы шараның басы-қасында болған мектеп-гимназияның шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары жұмыстан босатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: