Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтау қаласы білім басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі, Маңғыстау облысы, білім басқармасының бұрынғы басшысы, үш мектеп директоры, парақорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 18:43 Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 29 шілдеде Ақтау қалалық сотында жеке кәсіпкерге, білім басқармасының бұрынғы басшысына және қаладағы үш мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, жеке кәсіпкер лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара берді, ал бұрынғы білім басқармасының басшысы мен үш мектеп директоры пара алды деп айыпталады.

Сотта жеке кәсіпкердің оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін үш мектеппен келісімшартқа отырғаны, көрсетілген қызметтер бойынша келісімшарттарға кедергісіз қол қою, қаражатты тез аудару және жалпы қамқорлық үшін ол бірнеше рет лауазымды адамдар, яғни сол кездегі білім басқармасының басшысы Б. 4 млн теңге және үш мектеп директоры (С-ға 800 мың теңге, Н-ға 2 млн теңге және Е-ге - 1 млн теңге) ақшалай қаражаттарды пара ретінде алғаны анықталды.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердеің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, қарап-тексеру хаттамасымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденді.

Жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға шын жүректен өкіну және жеке кәсіпкердің кішкентай балаларының болуы және мектеп директорларының бірінің кішкентай балаларының болуы деп танылды.

"Б. мен Н-ға ҚР ҚК-нің 366-бабының 2 бөлігі бойынша 5 жылға, С-ға ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі бойынша 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Е-ге ҚР ҚК-нің 366-бабының 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ҚК-нің 55-бабының 2-тармағына сәйкес, 40 миллион теңге (параның 40 еселенген) мөлшерінде айыппұл салынды. Жеке кәсіпкерге ҚР ҚК-нің 367-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады". Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: