Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-дың бұрынғы басшыларына қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі, Шымкент, Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ, бұрынғы басшылар , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2025 21:35 Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бұрынғы бірінші проректоры, шаруашылық басқармасы және қаржы департаменттерінің басшылары, және бірнеше кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2022 жылғы шілдеден қараша айына дейінгі кезеңде сотталушы Н. лауазымды тұлға бола отырып, яғни Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бірінші проректоры лауазымын атқарғаны, оған мемлекеттік сатып алу шарттарына қол қою міндеті жүктелгені, алайда ол шаруашылық басқармасы департаментінің басшысы Ә. жүргізген мемлекеттік сатып алулардың нәтижелерін тексерместен, мемлекеттік сатып алу порталында конкурс өткізбестен мемлекеттік сатып алу шарттарына қол қойғаны анықталды.

"Сондай-ақ ол Қаржы департаментінің басшысы С-ға үш жеке кәсіпкерге жалпы сомасы 140 886 000 теңге ақшалай қаражатты аудару жөнінде нұсқау берген, оның ішінде аса ірі мөлшердегі 13 185 000 теңге кейіннен ұрланған. Осылайша, Н. өз міндеттеріне немқұрайлы қарауы және оларды тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда университетке ауыр зардап, яғни 13 185 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Сондай-ақ, Ә. шаруашылық басқармасы департаментінің басшысы бола отырып, өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, ал С. қаржы департаментінің басшысы бола отырып, өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, сыбайлас ретінде Қ. және кәсіпкер Т. алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы құрамында 2022 жылғы шілде айынан қараша айына дейін Шымкент қаласында аса ірі мөлшердегі сеніп тапсырылған мүлікті иемдену арқылы ұрлық жасаған, жалпы сомасы 13 185 000 теңге", делінген сот хабарламасында.

Алдыңғы іс-әрекеттерінен именбей, 2024 жылғы сәуір айынан қыркүйек айына дейінгі кезеңде сотталушы Н. ректордың міндетін атқарушы қызметін атқара отырып, өзінің қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, университет мүдделеріне қайшы әрекет етіп, мемлекеттік сатып алу порталында өткізілетін мемлекеттік сатып алулар туралы ақпаратты жарияламай, екі серіктестік пен екі кәсіпкерлермен жалпы сомасы 116 000 000 теңгеге тауар жеткізуге арналған мемлекеттік сатып алу шарттарына қол қойған. Одан кейін, университеттің бас ғимаратының техникалық бесінші қабатына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде шарт жасаспай және сәулет және қала құрылысы органдарының келісімін алмай, оның жөндеу жұмыстарына рұқсат берген.

Өз кезегінде Ә. жоғарыда аталған серіктестіктер мен кәсіпкерлермен жалпы сомасы 116 000 000 теңгеге тауар жеткізуге арналған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан. Ал, С. сотталушы Н-ның келісімімен аталған соманы көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің есепшотына аударған.Кейін, Б. сыбайлас ретінде қызмет көрсету шарты жасалмағанына және сәулет және қала құрылысы органдарының келісімі болмағанына қарамастан, Н. пен Ә-нің нұсқауымен жалпы сомасы 116 000 000 теңгеге алынған тауарларды пайдалана отырып, жөндеу жұмыстарын бастаған. Нәтижесінде университетке жалпы сомасы 116 000 000 теңге көлемінде айтарлықтай зиян келтірілген, ал Б. аталған тауарларды мақсатына сай пайдаланбаған. Бұдан бөлек, Т. ұрланған ақша қаражаттарының ішінен автокөлік сатып алуға жұмсаған, яғни ақша қаражатын заңдастырған.

Қылмыстық іс бойынша келтірілген залал өтелген.

  • Сот университеттің экс-проректорын ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігімен, ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған түпкілікті мемлекеттік органдардағы лауазымдарды өмір бойы атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
  • Ал шаруашылық басқармасы депуртаментінің экс-басшысы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен, ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 7 жылға, рақымшылық туралы заңды қолдану арқылы түпкілікті 5 жыл 7 ай 6 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ҚК-нің 63-бабына сәйкес жаза шартты деп белгіленген.
  • Қаржы департаментінің экс-басшысы ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен, ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру, рақымшылық туралы заңды қолдану арқылы түпкілікті 5 жыл 7 ай 6 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
  • Кәсіпкер Қ. ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі - 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға, рақымшылық туралы заңды қолдану арқылы түпкілікті 5 жыл 7 ай 6 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ҚК-нің 63-бабына сәйкес жаза шартты деп белгіленген.
  • Кәсіпкер Б.-ны ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі - 361-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жыл бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
  • Кәсіпкер Т.-ны ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі - 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен, ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі - 361-бабының 1-бөлігі, ҚК-нің 218-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 7 жылға, рақымшылық туралы заңды қолдану арқылы түпкілікті мүлкін тәркілеп, 5 жыл 7 ай 6 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін желіде видеосы тарап, Астанада көшеде бойжеткеннің бөксесін сипаған ер адам жауапқа тартылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: