Нұр-Сұлтанда Сергектің бағанасы құлап, әйел өлім аузынан қалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 16:23 zakon.kz
Бұл туралы әйел әлеуметтік желіде хабарлады.

"Сергек" бақылау камераларының жанында тұрған әйелдің үстіне бағана құлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы әйел әлеуметтік желіде хабарлады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 16:23

23 қазан күні сағат 13:20-да Сығанақ көшесінде аяғыма "Сергектің" бағанасы құлады. Мен қайта бұғып үлгеріп, басым аман қалды. Қайда шағымдануға болады? Өлім аузынан қалдым", - деп жазды ол Instagram-да.

Ауруханаға барғаннан кейін әйелге гипс салынды. Оның айтуынша, ол қазір жұмыс істей алмайды.

"23 қазанда жолдан өту кезінде 45 жастағы әйел "Сергек" камерасы орнатылған бағанның құлауынан аяғынан жарақат алды", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПБ баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша, "Есіл" аудандық Полиция басқармасы ҚР ҚК 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, тексеру жүргізілуде.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: