Павлодар облысында полиция бастығы асылып қалды

express-k.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2019 17:21 express-k.kz
Марқұмның әйелі өзіне өзі қол жұмсауының себебі туралы әлеуметтік желіде хабарлады.

Павлодарда полиция бастығы өзіне өзі қол салды, деп хабарлайды Zakon.kz Express-K-ке сілтеме жасап.

Павлодар ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Омаровтың денесі үйнің жанында орналасқан гараждан табылды. Ол небәрі 35 жаста еді.

Полиция өзін-өзі өлтіру фактісін растады, бірақ одан өзге мәлімет бермеді. Департаменттің баспасөз қызметі сенімді және тексерілген ақпарат беру үшін уақыт керек дейді. Ал марқұмның әйелі әлеуметтік желіде өзіне-өзі қол жұмсау себебін жазды.

- Менің күйеуім Оспанов Руслан Бейсенұлына ІІД бастығының орынбасары Шакеров Муратжан Болатович үнемі қысым жасап келген, дейді ол.

Полиция бұл жазбаға қатысты ештеңе айтқысы келмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: