Мемлекеттің қарызы халыққа кредит түрінде рәсімделмейді

zakon.kz zakon.kz
Бұл жаңалықтың түпнұсқасы сатиралық Instagram аккаунттарының бірінде жарияланған.

Қазнетте қазақстандықтардың елдің сыртқы қарызын өтейді деген хабарлама таралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақпаратқа сәйкес, қарыз елдің барлық азаматтары арасында бөлінеді, оны әр ересек адамға несие түрінде рәсімдейді. Мұндай ұсынысты Қаржы министрі ұсынды, ал Мемлекет басшысы оны қолдады делінген.

Stopfake.kz. хабарлағандай, бұл жаңалықтың түпнұсқасы сатиралық Instagram аккаунттарының бірінде жарияланған.

"Бұл парақшада тексерілген жаңалықтар жарияланбайды. Тек сатиралық контент пен Қазақстан туралы фейк-ньюс орналастырылады", - делінген басылымда.

Елдің сыртқы қарызын азаматтар төлейтіні туралы хабар - жалған ақпарат.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз