Дариға Назарбаева оқушыларға 160 домбыра тарту етті

"Дегдар" гуманитарлық қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 16:55 "Дегдар" гуманитарлық қоры
Домбыра ежелден бері музыкалық мәдениетіміздің басты символы болып келеді.

10 оқу-тәрбие мекемесінің 160 оқушысына 160 домбыра сыйға берілді. Музыкалық аспаптарды "Дегдар" гуманитарлық қорының Қамқорлық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева табыстады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Дегдар" гуманитарлық қорының жаңа қайырымдылық жобасы күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы аясында өтті. Жобаның гуманитарлық мақсаты – домбыра сатып алуға мүмкіндігі жоқ талантты балаларға қазақтың киелі музыкалық аспабын табыстау. Арнайы жасалған 160 домбыра ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге берілді. Сонымен қатар бұл жоба "күй анасы" атанған Дина Нұрпейісованың бай мұрасын дәріптеуге, ұлттық өнердің насихатталуына үлес қосуды көздейді.

"Дегдар" гуманитарлық қорының Қамқорлық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева атап өткендей, домбыра ежелден бері музыкалық мәдениетіміздің басты символы болып келеді.

- "Дегдар" гуманитарлық қоры мектептер мен балалар ансамбльдеріне музыкалық аспаптар сыйлайды, соның арқасында домбыра тартып үйренсем деген талай баланың тілегі орындалады. Бұл сыйлығымыз әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығымен орайлас келіп отыр. Ол өзінің таланты мен музыкаға деген махаббаты мен туған жерге сүйіспеншілігінің арқасында "Күй анасы", тұңғыш әйел-композитор атанды. Оның күйлерінде даланың тылсым даусы мен бұлбұл құстың әсем үні бар. Домбыра ежелден бері музыкалық мәдениетіміздің басты символы болып келеді. Бар болғаны екі шекті көне аспапта туған жеріміздің сұлулығы мен сырлы сезім тұнып тұр. Қазіргі музыка әлемі өте бай, алуан түрлі. Ал дәстүрлі өнерді таңдаған сіздердің шәкірттеріңіз үшін заманауи компьютерлік технология домбыраның ғажап даусына көлеңке түсіре алмапты. Мен бұған өте қуаныштымын. Ұлттық музыкаға құштар балалар көп болған сайын, ұлтымыздың болашағы жарқын, рухы жоғары болатынына сенеміз. Құрметті мектеп басшылары және ұстаздар! Мен сіздерге осы аспаптарды сыйға тарта отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде сәттілік пен төзімділік, ізгілік пен мейірім тілеймін! Ал талантты жастарға шығармашылық табыс тілегім келеді. Біз сіздерді еліміздің ең үлкен сахналарынан көретін болайық! – деп жеткізді Дариға Назарбаева өз сөзінде.

Іс-шараға қатысқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, өз кезегінде, педагогтарға және балалар музыка мектептерінің, ансамбльдердің жетекшілеріне алғыс білдірді:

- Қазақта "Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы" деген киелі сөз бар. Күй өнерін хас шеберлігімен аспандата білген ерекше тұлға – Дина Нұрпейісованың да бағыт берген ғұлама ұстаздары болған, алдымен оның әкесі, содан кейін ұлы Құрманғазының өзі оның музыкаға қызығушылығын қолдап, талантын ұштаған. Бүгінгі жиында балаларды және өз ісін жақсы көретін осындай тәлімгерлер бар екеніне кәміл сенімдімін. Осынау орайлы сәтті пайдалана отырып, сіздер арқылы барлық педагогтарға, балалар музыка мектептерінің, ансамбльдердің жетекшілеріне баға жетпес еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді!- деді министр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 16:55

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 16:55

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 16:55

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 16:55

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 16:55

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 16:55

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 16:55

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: