Жаңалықтар тізбегі
0

Шетел инвесторларымен арбитраждық даулар көбейді – Дариға Назарбаева

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 17:18 видеодан кадр
Инвесторлардың төрелік талап-арыздарының саны ұдайы өсіп келеді.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаева мен Пахриддин Қаратаев шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру қажеттілігі мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның сөзінше, Қазақстанның шетелдік инвесторлармен арбитраждық даулары отандық экономикаға инвестицияларды тартудың тежеуші факторларының бірі болып отыр.

Төрелік процестердің көп бөлігі ашық түрде жария өткізіледі, ал материалдар интернетте көпшілікке қолжетімді болуы нәтижесінде шетелдік БАҚ-та теріс резонанс туындайды, бұл ел үшін бедел тәуекелдерінің тұрақты өсуіне алып келеді.

Төреліктермен жұмыс істеу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдардың аралық сот ісін жүргізу орбитасына қатысуын барынша азайту үшін Бас прокуратурада, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде және Әділет министрлігінде мамандандырылған бөлімдер құрылған. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмектесу үшін инвестициялық омбудсмен институты құрылды. Осыған қарамастан, Қазақстан Республикасына инвесторлардың төрелік талап-арыздарының саны ұдайы өсіп келеді. Бұл дауларда инвесторлар өздерінің құқықтары мен мүдделерін қазақстандық тарап бұзады деп мәлімдей отырып, халықаралық төреліктерге жүгінетін инвестициялық даулар басым үлесті алады, деді ол.

Назарбаеваның айтуынша, әрбір арбитражды дау қазақстандық сот және құқық қорғау жүйелері үшін "стресс-тест" болып табылады. Арбитраждар барысында ел экономикасының түрлі салаларындағы мемлекеттік басқарудың жүйелі кемшіліктері анықталады. Олардың қатарына уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмыс бағдарламалары деңгейінде инвестордың міндеттемелерін айқындау тәртібі жатады.

Өйткені мемлекет инвестицияларды барынша көп тартуға мүдделі болғандықтан, жауапсыз инвесторлар осы жағдайды пайдаланады және үлестес компаниялардан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жоғары құны бойынша сатып алу арқылы инвестициялау көлемін жасанды түрде ұлғайтуы мүмкін. Мысалы, 2017 жылғы 6 маусымда Ағылшын соты Анатолий Стати жалған ағылшын Perkwood компаниясын пайдалана отырып, алаяқтық жолмен Қазақстан Республикасында газ өңдеу зауытын салу үшін жеткізілген жабдықтың құнын 100 миллион АҚШ долларынан астам сомаға асырып жібергенін" анықтады. Жалған басқару қызметтерін көрсетіп, 44 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы төлеу және жоқ жабдықтар үшін 72 миллион АҚШ доллары көлемінде төлемдер сияқты басқа да алаяқтық әрекеттерін көрсетуге болады. Осылайша, төрелікке жүгінген кезде жауапсыз инвесторлар жұмыс бағдарламаларында жазылған өздерінің жалған инвестициялары үшін сотқа жүгінеді. Төрелік инвестордың пайдасына шешім шығарған жағдайда, жасанды көтеріңкі сомалар елге борыштық ауыртпалық түсіреді, мемлекет активтері үшін өзге де теріс тәуекелдер жасайды, деді ол.

Депутат инвесторлармен жұмысты ұйымдастыру кезінде шығындарды жасанды арттыруға жол бермеу мақсатында инвестициялық міндеттемелерді орындаудың нақты және ашық тетігін белгілеп, оны бақылауда ұстау ұсынды.

Осы мәселенің маңыздылығын және оның инвесторлар үшін Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын қолдау мен сақтау үшін маңызын ескере отырып, осы мәселе бойынша Үкіметтің ұстанымын ұсынуды сұраймын. "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес заңда белгіленген мерзімде депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы жазбаша хабарлауыңызды сұраймын, деді Дариға Назарбаева өз сауалында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: