Жаңалықтар тізбегі
0

Оқуы құрсын, ақша тапсын! Тағы бір әйел баласын оқуға жібермеді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 18:32 pixabay.com
Бұл жалғыз жағдай емес.

Павлодар облысында жасөспірім ақша табу үшін оқуын тастауға мәжбүр болды. Жасөспірімнің анасы жазаланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы Успен ауданының полициясына колледж басшылығынан студенттердің бірі екі айға жуық себепсіз сабаққа қатыспағаны туралы өтініш түскеннен кейін жағдай жария етілді.

Істің барлық мән-жайларын қарау үшін біз аталған студентті, сондай-ақ Павлодар облысының Ақсу қаласында тұратын оның анасын анықтадық, - деп түсіндірді Успен ауданының ювеналдық полиция аға инспекторы Дамира Букаева.

17 жастағы жасөспірімнің анасының айтуынша, бала шаруа қожалықтарының бірінде көкөніс жинау үшін жұмыс істегендіктен сабаққа қатыспаған және сабаққа баруға уақыты болмаған.

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны үшін ата-ана ҚР ӘҚБК 127-бабының 1-бөлігі бойынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Павлодар облысы ПД.

Отбасының оқу орнынан құжаттарды алып кететіні атап өтілді, өйткені жасөспірім жиеніне қарау керек.

Мемлекеттік органдар бұл жағдайда отбасына көмектесуге дайын ба, жоқ па әлі хабарланған жоқ.

Бұл жалғыз жағдай емес. Павлодар полицейлері 2021 жылы кәмелетке толмаған балаларды тиісінше тәрбиелемегені үшін 382 заңды өкілді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: