Қазақстанның 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұжырымдамасы бекітілді

zakon.kz zakon.kz
Бұл "Қазақстан-2050" стратегиясында белгіленген бағыттың жалғасы.

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқықтық саясат тұжырымдамасы – ұлттық құқықты, құқық қорғау және сот жүйелерін дамытудың, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметтің, сондай-ақ құқықтық білім беру мен құқықтық насихаттың басым бағыттарын айқындайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты.

Аталып өткендей, онда қойылған мақсаттар мен оларды жүзеге асыру шаралары "Қазақстан - 2050" стратегиясымен және одан әрі мемлекеттік дамудың басты бағдары болып табылатын Ұлт жоспарымен толық сәйкес келеді.

Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, бірқатар проблемалар атап өтілген.

Атап айтқанда, инновациялық цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында құқық бұзушылар қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың жаңа тәсілдерін қолданады, сондай-ақ қоғамдық өмірдің көптеген салалары үшін, оның ішінде кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі үшін қосымша қылмыстық қауіптер туындайды, мұны қылмыстық заңнаманы жаңғырту кезінде ескеру қажет.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру және соттың сот төрелігін іске асыру сапасы мәселелері өзекті болып қалуда.

Адам құқықтарын сақтаудың ведомстволық көрсеткіштері (ашылуы, сотқа жіберілуі) бұрынғысынша басым.

Қылмыстық процесс саласындағы жағымсыз факторлар, ең алдымен, сотқа дейінгі тергеу, прокуратура және сот органдары арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарының аражігін ажыратудың нақты критерийлерінің жоқтығынан туындайды.

"Қорғау тарапы қызметінің сапасы бірінші кезекте оның дәлелдемелерді жинауға өкілеттіктеріне байланысты. Қорғау тарапының дәлелдемелерді жинау жөніндегі өкілеттіктерін реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасының саласы қоғам тарапынан сынға өте сезімтал, өйткені, қорғау және айыптау тараптары арасында мүмкіндіктердің теңгерімсіздігі байқалады, бұл тараптардың бәсекеге қабілеттілігі мен теңдігіне қайшы келеді", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, Қазақстанның құқықтық жүйесінің тұрақты дамуының қағидатты шарты – заң білімінің сапасын қалпына келтіру қажеттілігі көрсетіледі.

Тұжырымдама ұлттық құқықты, құқық қорғау және сот жүйелерін, құқық қорғау институттарын дамытудың, сондай-ақ сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің, құқықтық білім беру мен насихаттаудың негізгі бағыттарын айқындайды.

Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер

Осы тұжырымдаманы іске асыру қазақстандық қоғамның тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуына, биліктің нәтижелілігі, ашықтығы және жауапкершілігі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы қағидаттарында мемлекеттік басқару моделін құруға ықпал ететін болады, бұл "Қазақстан-2050" стратегиясында белгіленген бағыттың жалғасы", - делінген құжатта.

2030 жылға қарай негізгі күтілетін нәтижелер – ЭЫДҰ елдерінің:

  • Дүниежүзілік Банктің мемлекеттік басқару тиімділігінің индексі – 80 пайыздан төмен емес;
  • World Justice Project құқық үстемдігінің индексі – 0 .60 баллдан төмен емес;
  • Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі – 55 балдан төмен емес;
  • Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің "сот жүйесінің тәуелсіздігі" индикаторы 50-орыннан төмен емес;
  • Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің "полиция қызметтерінің сенімділігі" индикаторы - 60-орыннан төмен емес.

Тұжырымдама өзгерістер мен толықтырулар енгізу болжанатын құқықтық актілердің тізбесін де айқындайды:

  1. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" ҚР Конституциялық заңы;
  2. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық заңы;
  3. "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" ҚР Конституциялық заңы;
  4. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  5. ҚР Азаматтық кодексі;
  6. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі;
  7. ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті" кодексі;
  8. ҚР "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексі;
  9. ҚР "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексі;
  10. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;
  11. ҚР Кәсіпкерлік Кодексі;
  12. ҚР Еңбек кодексі;
  13. ҚР Қылмыстық кодексі;
  14. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі;
  15. ҚР Экологиялық кодексі;
  16. "Құқықтық актілер туралы" заң және тағы басқалар.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексін әзірлеу жоспарлануда.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз