Кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданады
egemen.kz
Кәсіпкерліктің цифрлық картасы да әзірленіп жатыр.
Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын жасауда, деді ведомство басшысы Әсет Ерғалиев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Nur Otan" фракциясының онлайн-форматта өткізілген кеңейтілген жиналысында, деп хабарлайды zakon.kz.
Біз экономиканың өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, туризм, IT, құрылыс, сауда және көлік тәрізді салаларында шағын және орта бизнесті дамытуда зор әлеуетті көріп отырмыз. Бұл әлеуетті іске асыру жаңа реттеушілік саясатты және өзара байланысты салалық саясат кешенін жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұған сондай-ақ мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін төмендету, бәсекелестікті дамыту, көлеңкелі экономиканы 15% - ке дейін төмендету ықпал етпек. Мұның бәрі кәсіпкерлікті дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында жүйелендіріледі. Ұлттық экономика министрлігі бұл құжатты бизнеспен тығыз ынтымақтастықта қалыптастыру үстінде, - деді министр.
Әсет Ерғалиев, сондай-ақ министрлік экономика құрылымындағы ШОБ үлесінің өсуіне әсер ететін индикаторларға динамикалық мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерліктің цифрлық картасын әзірлеп жатқанын хабарлады.
Бұл индикаторлар жылдар бойынша да, экономика салалары бойынша да декомпозицияланған. Бұдан әрі индикаторлар өңірлерге де бөлінеді, - деді ҰЭМ басшысы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript