Жаңалықтар тізбегі
0

Фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2020 16:44 primeminister.kz
77,8 млрд теңгеге 30-дан астам жаңа ірі фармацевтикалық өндіріс іске қосылады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Фармацевтика өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспары қаралды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке-ке сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі А. Цой, "Химфарм" АҚ директоры А. Исенова, "Dolce-pharm" ЖШС коммерциялық директоры Б. Демеуова, Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерді өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Г. Манақпаева баяндама жасады.

2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ҚР фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 34,1%-ға 81,5 млрд теңгеге дейін, инвестициялар 5,2%-ға 4,1 млрд теңгеге дейін өсті. Белгілі компаниялардың, соның ішінде ТҰК қатысуымен 41 жоба іске асырылды, олардың ішіндегі ең ірілері — антибиотиктер, алколоидтар, антисептиктер ("Химфарм" АҚ, "Нобел АФФ" АҚ, "Абди Ибрахим Глобал Фарм" ЖШС), сондай-ақ жеке қорғаныш құралдары мен хирургиялық мақта ("Kelun Kazpharma" ЖШС, "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС, "Dolce" ЖШС) өндірісі бойынша жобалар. 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алудағы отандық өндірушілердің үлесі 30%-ға дейін артты және тұрақты түрде өсіп жатыр (5 мыңнан астам атау бойынша 88 шарт жасалды).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша елдің дәрілік қауіпсіздігі меншікті фармацевтика өндірісі болған жағдайда кемінде 30% қамтамасыз етіледі, ал Қазақстан 2025 жылға қарай өз өндірісін заттай мәнде 50%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Осылайша, Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес 77,8 млрд теңгеге 30-дан астам жаңа ірі фармацевтикалық өндіріс іске қосылады, бұл дәрі-дәрмек өндірісінің көлемін 2,5 есеге (92-ден 230 млрд теңгеге дейін), экспортты 3 есеге (25-тен 75 млрд теңгеге дейін) ұлғайтуға, 2 мыңнан астам жоғары білікті мамандарды даярлауға және оларға арнап тұрақты жұмыс орындарын құруға жол ашады.

Үкімет басшысы отандық фармацевтика өндірісі үшін, әсіресе, клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтарды ынталандыру тұрғысынан мемлекеттік қолдау шараларын ауқымды түрде кеңейтуді тапсырды.

Индустрия, денсаулық сақтау және сыртқы істер министрліктеріне дәрілер өндірісін елімізде жергіліктендіруге Big Pharma – Top 50 тізімінен әлемдік фармацевтика өндірушілерді таргеттеу бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Денсаулық сақтау министрлігіне ұзақ мерзімді келісімшарттарды іске асыру тетіктерін кеңейту, елдегі дәрілік заттардың қажеттілігін нақты жоспарлау мен айқындауды қамтамасыз ету, медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектерге сынақтар жүргізетін зертханалардың материалдық-техникалық базасын күшейту, Кешенді жоспарды іске асыруды ескере отырып, фармацевтика саласы үшін білікті кадрлар даярлау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жергілікті жерлерде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде жергілікті қамту бойынша нысаналы индикаторларды (KPI) бекіту тапсырылды.

"Фармацевтика өнеркәсібі – экономиканың өте маңызды секторы және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің негізі", — деді А. Мамин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: