Жаңалықтар тізбегі
0

Үкімет Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдады

Рrimeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2019 18:22 Рrimeminister.kz
Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД мәдени астанасы болып жарияланды. Осы ретте мемлекеттік органдарға әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың әзірлігін уақытылы қамтамасыз ету тапсырылды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мегаполиске жасаған іссапары барысында қойған нақты міндеттер аясында әзірленген Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарының жобасы қаралды. Бұл туралы мәлімет Үкіметтің сайтында жарияланды деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешенді жоспардың негізгі бағыттары мен іс-шаралары туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндады. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Кешенді жоспарды іске асырудың қала және жалпы ел экономикасы үшін күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсері туралы баяндады.

Кешенді жоспарда барлық іске асыру кезеңінде жалпы 1 трлн теңгеден астам сомаға 89 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде 836 млрд теңге (65%) – жеке инвестициялар есебінен, 68 млрд теңге – МЖӘ арқылы. Бұл құжатты іске асыру қала аумағын ықшам салуды және оңтайландыруды, инфрақұрылымды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы және ыңғайлы жағдайлар тудырады.

"Шымкент – Қазақстанның өнеркәсіптік, сауда-саттық және мәдени орталықтарының бірі", – деді ҚР Үкіметінің басшысы және қаланы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Кешенді жоспарды жүзеге асыру инвестициялардың көлемін бес жылдың ішінде 1 трлн теңгеге дейін жеткізу үшін жағдайлар тудыруға мүмкіндік береді. Инвестициялық әлеуетті дамыту мақсатында жаңа "Жұлдыз" және "Шымкент агро" индустриялдық аймақтарының құрылысын қамтамасыз ету, "Оңтүстік" АЭА территориясын ұлғайтуды қамтамасыз ету тапсырылды. Көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 2020 жылы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысын және теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, Ташкент даңғылын жалғастыру және А2 айналма автожолының құрылысы қамтамасыз етіледі. Бұл қаланың көлік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде қаланы энергиямен қамту және газбен қамтамасыз ету үшін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин газ тарату станциясының (АГРС-3), сондай-ақ ERG компаниясының жеке инвестициялары есебінен қуаты 450 мегаватт бу-газ қондырғысының құрылысын аяқтауды тапсырды.

"Кешенді жоспар тұрғын үй құрылысының көлемі кезең-кезеңмен биыл 500 мың шаршы метрден жылына 1 млн-ға дейін арттырып, тұрғын үймен қамтамасыз етуді 1 тұрғынға шаққанда 30 шаршы метр деңгейіне дейін жеткізуге мүмкіндік береді", – деді Асқар Мамин.

Мысалы, "Шымкент Сити" жобасын жүзеге асыру әлеуметтік инфрақұрылымы дайын 1,5 млн ш.м. тұрғын үй салуға мүмкіндік береді. ҚР Министрлер кабинетінің басшысының айтуынша, ол үшін тұрғын үй құрылысын дамытуды жалғастыру қажет. Осы ретте қаланың ықшам құрылысына және тұрғын үй құрылысының халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істейтін инвесторлардың тәжірибесін пайдалану баса назар аударылады. Даму перспективалары туристік салада кеңеюде. "Цитадель" қалашығын қайта жөндеуді және халықаралық деңгейдегі ойын-сауық саябағының құрылысын аяқтау туристердің қосымша ағынын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының Түркістан мен Ташкентке жақын орналасуы туристік инфрақұрылымының дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына нақты серпін мен синергетикалық әсер береді. Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД мәдени астанасы болып жарияланды. Осы ретте мемлекеттік органдарға әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың әзірлігін уақытылы қамтамасыз ету тапсырылды.

"Кешенді жоспарды іске асырудың арқасында Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімі 2018 жылғы 2 трлн теңгеден, 2023 жылға қарай 3,5 трлн теңгеге дейін жеткізіледі", – деді Асқар Мамин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: