Нұр-Сұлтанда мас тұрғын біреудің көлігінен нөмірді шешіп алды

zakon.kz zakon.kz
Мемлекеттік нөмір автокөлік иесіне қайтарылды.

Нұр-Сұлтанда мас адам бөтеннің көлігінен мемлекеттік нөмірді шешіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға сағат 3:45-те Бөгенбай батыр даңғылында қолына автокөліктің мемлекеттік нөмірін ұстап алған белгісіз мас ер адамның жүргені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.
Тәртіп сақшылары 47 жастағы ер адамды ұстады. Мемлекеттік тіркеу нөмірі қайтарылды. Нөмірдің жоғалғаны туралы полицияға арыз түскен жоқ, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Ұсталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша, қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Мемлекеттік нөмір автокөлік иесіне қайтарылды.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз