Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте бірге пәтер жалдаған танысын тонап кеткен азаматша ұсталды

Алаяқ, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2021 12:29 Сурет: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі
Музыкалық аппарат және 100 000 теңге иесіне қайтарылды

Бұл іс бойынша Абай ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арызданушының айтуынша, бірге пәтер жалдап тұрған танысы үйде ешкімнің жоғын пайдаланып, құны 500 000 теңге болатын музыкалық аппарат пен 100 000 теңге ақшасын қолды еткен. Келтірілген жалпы шығын – 600 000 теңге. Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) тіркеуге алды.

Ұрыны ұстау мақсатында аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алды. Тыңғылықты жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, ұрлық жасаған азаматшаны полицейлер қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Музыкалық аппарат және 100 000 теңге иесіне қайтарылды. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда ұсталған азаматшаға ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: