Шымкентте 20 млн теңгенің алтынын жымқырған пәтер ұрылары ұсталды

Полицейский пистолет, пистолет полицейского, полиция, полицейский, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2025 12:57 Фото: Zakon.kz
Қазіргі таңда полиция бағалы бұйымдардың бөлігін иесіне қайтарып берді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығымен айналысқан бес ер адам құрықталды.

Олар бөтеннің үйіне терезеден кіріп, көбіне алтын бұйымдарды ұрлаған. Бір ай ішінде күдіктілер онға жуық үйді тонап кеткен.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңгені құрады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстың барлық мән-жайы мен болуы мүмкін эпизодтарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция азаматтарға ұрлықтың құрбаны болмау үшін қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттігі туралы еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: