Павлодарда біреулер такси жүргізушісінің көзінше жолаушыны ұрлады

pixabay.com pixabay.com
Заңсыз әрекеттердің мән-жайры мен себептері анықталуда.

Павлодарда белгісіз біреулер такси автокөлігінің салонынан ер адамды ұрлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Такси жүргізушісі адам ұрлау туралы 25 қазан күні кешке хабарлады. Оның айтуынша, үш белгісіз жігіт жолаушыны басқа көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы белгісіз тұлғалардың Павлодар қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстап алып, LADA Priora автокөлігіне отырғызып, қашып кеткенін анықтады.

– Такси жүргізушісінің сипаттамасы бойынша күдіктілерді іздестіру шараларының нәтижесінде 26 қазанда сағат 01:20 шамасында LADA Priora Қарағанды облысындағы Молодежное ауылының маңынан табылды. 2000-2001 жылдары туған төрт күдікті ұсталды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, – деді Павлодар облысы Полиция басқарамасының бастығы Нұрлан Мәсімов.

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заңсыз әрекеттердің мән-жайы мен себептері анықталуда.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз