Жаңалықтар тізбегі
0

Сенатор Қазақстанда теңіз вокзалын салуды ұсынды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2021 19:09 primeminister.kz
Ақтау теміржол вокзалы бүгінде 300 жолаушының орнына тәулігіне 2,5 мың адамды қабылдайды.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев Маңғыстау облысына туристерді қызықтыру үшін теңіз вокзалын салуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенаттың жалпы отырысында Нұрғалиев бір топ депутаттың Маңғыстау облысына барып, өңірде туризмнің қалай дамып жатқанымен танысқанын айта келе, осындай депутаттық сауал тастады.

Біз өңірде шешілмеген біраз мәселе бар екенін байқадық. Маңғыстау облысы теңіз жағалауында орналасқан және қазіргі заманғы этно туризмді дамытуға қолайлы қала. Облыс басшылығы туризмді дамыту бойынша бірқатар жұмыс атқарып жатыр. Бірақ оны одан әрі дамыту үшін әлі де көптеген мәселені шешу қажет. Әсіресе қаржылық қолдау керек, – деді сенатор.

Сонымен қатар, Нұрғалиев туристер көп келетін 1100 км жолды қайта күрделі жөндеуден өткізу керектігін айтты.

Саура, Тамшалы, Сұлтан-Епе, Тұрыш, Айрықты, Ақмыш, Отпан-тау шатқалдарына жөні дұрыс жол жоқ. Каспий теңізінің жағасындағы "Құрық" теңіз портына дейінгі жерге ешқандай жұмыс жүргізілмеген. "Ақтау" теңіз порты мен "Құрық" порты еліміздің экономикасына елеулі үлес қосып отыр, – деп атап өтті Парламент мүшесі.

Алайда порттар тек жүк тасымалдауға арналған, ал жолаушылар кемелерін қабылдау мүмкіндігі жоқ.

Өңірдің одан әрі дамуына серпін беру үшін жолаушылар теңіз вокзалын салу қажет. Жолаушылар теңіз вокзалының құрылысы туризмнің ғана емес, жалпы ел экономикасын дамытуға үлес қосар еді. Ресейдің Астрахань облысында 2022 жылдың сәуірінде 310 люкс кабинадан тұратын 155 адамға арналған "Ұлы Петр" бес палубалы круиз кемесінің құрылысы аяқталады. Кеме Ақтау портынан Түрікменстанға, Иранға, Әзірбайжанға және Ресейге жолаушылар бағытында круиз жасайды, – деді Төреғалиев.

Бұл ретте круиздік лайнерге теміржол арқылы жетуге болады, алайда Ақтау теміржол вокзалы бүгінде 300 жолаушының орнына тәулігіне 2,5 мың адамды қабылдайды. Сонымен қатар, Маңғыстау станциясынан қатынайтын вагондардың 80%-дан астамы ескірген. Рейстерде де бірқатар проблема бар.

Атап айтқанда, пандемияға дейін Ақтау әуежайынан халықаралық бағыттар бойынша аптасына 34 рейс орындалды. 2018 жылы әуежай қызметін 241 мың адам, 2019 жылы – 223 мың адам пайдаланды, ал 2020 жылы пандемияға байланысты бірқатар ішкі және сыртқы рейс 31%-ға тоқтатылды. Бүгінгі күні ішкі рейстер 47%-ға, ал халықаралық рейстер пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 29%-ға ғана қалпына келді. Бұл ретте халықаралық және ішкі рейстерді біртіндеп қалпына келтіру жөніндегі жұмыс басталуы тиіс. Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан Ресейдің, Түркияның, Египеттің курорттық аймақтарына және басқа аудандарға рейстерді ұйымдастыру мәселелерін қарастыру қажет деп санаймыз, – деді депутат.

Дайана Тоқберген

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: