Қазақстан маңызды теңіз нысандарын салуды жеделдетіп жатыр
Фото: primeminister.kz
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылғы 25 қарашада өткен Үкімет отырысында "Ақтау" және "Құрық" порттарында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министр Каспий торапын дамыту аясында екі ірі жоба жүзеге асырылып жатқанын еске салды: Ақтау теңіз портында контейнерлік хаб салу және Құрық портында "Саржа" көпфункционалды теңіз терминалының құрылысы.
"Екі жоба да "Морпорт Ақтау" СЭЗ-іне енгізілген. Контейнерлік хаб үшін СЭЗ аумағында 19 гектар жер бөлінген. "ГК Порт Ляньюньган" ЖШС-пен инвестиция тарту туралы келісімге қол қойылған. Инвестиция көлемі – 47,6 млрд теңге", – деді Шаққалиев.
Министр контейнерлік хаб құрылысын кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
"2025 жылғы шілдеде контейнерлік хабтың бірінші іске қосу кешені пайдалануға берілді. Екінші іске қосу кешенінің құрылысы 95%-ға орындалды және жыл соңына дейін аяқталады. Контейнерлік хабты екінші кезеңде толық аяқтау 2026 жылдың соңына жоспарланып отыр", – деді министр.
Бұған дейін ол "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығын дамыту жөнінде хабарлаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript