Қазақстанда 19 қоқыс сұрыптау жобасы іске қосылады

Мусоросортировочный завод, мусор, отходы, сортировка мусора, сортировка отходов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2025 12:30 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Алиев 2025 жылғы 25 қарашада үкімет отырысында қалдықтарды басқару саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол 2024 жылы іске қосылған қалдықтарды басқару жобаларын жеңілдетілген қаржыландыру механизмі аясында "Жасыл даму" АҚ арқылы 60 жобаның мақұлданғанын айтты.

"Осы жобалардың 22-сі 89,4 млрд теңге көлемінде қаржыландырылды, ал механизмнің жалпы қаржыландыру сомасы – 185 млрд теңге", – деді Алиев.

Мақұлданған 60 жобаның құрылымы мынадай:

  • 8 жоба – 92 қоқыс таситын көлік сатып алуға;
  • 19 жоба – жылына 2,3 млн тонналық сұрыптау қуатына;
  • 33 жоба – жылына 920 мың тонналық қайта өңдеу қуатына бағытталған.
"Жоспарланған жобаларды іске асыру арқылы бағдарламалық құжаттарда белгіленген көрсеткіштерге сәйкес қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 40%-ға дейін жеткізу мүмкін болады", – деп қосты вице-министр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан кәсіпорындары зиянды қалдықтарды қайта өңдейтінін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: