Астананың қоқыс полигоны 2029 жылға дейін толады: мәселені қалай шешпек

Мусорный полигон, мусор, мусорная свалка, свалочный полигон, отходы, стихийная свалка, стихийные свалки, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 13:16 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов 2025 жылғы 24 желтоқсанда ОКҚ-та өткен брифингте Астананың қоқыс полигоны мәселесін шешу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық маслихатының мәліметіне сәйкес, 2029 жылға қарай Астананың қоқыс полигоны толық толады.

"Мұндай жағдай бар. Астана қаласы әкімдігі тиісті жұмыстар жүргізуде. Екі аймағы толды. Үшіншісын салу бойынша әкімдік қажетті жобалық-сметалық құжаттаманы әзірледі, мемлекеттік экологиялық сараптамадан оң қорытынды алынды. Қазіргі уақытта құрылысқа қаржыландыру мәселесі шешілуде. Жақын арада әкімдік жұмысын жалғастырады, бәрі мерзімінде орындалады деп ойлаймын", – деді Тукенов.

Оның айтуынша, ұқсас мәселе басқа өңірлерде де кездеседі.

"Мәселен, Атырау мен Оралда да жағдай сондай. Әкімдіктерде табиғатты қорғау іс-шараларының нақты жоспары бар, коммуналдық қалдықтарды басқару бекітілген бағдарламасы бар. Сол аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде", – деп қосты спикер.

Еске салайық, бұған дейін Тукенов елдегі қоқыс полигондарының жағдайына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: