Жаңалықтар тізбегі
0

Алты облыста қоқыс өртейтін зауыт құрылысы тоқтатылды

Алты облыста қоқыс өртейтін зауыт құрылысы тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 15:56 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқару жөніндегі мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошурбаев алты облыста қоқысты өртеу зауыттарын салу жобасы тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілінің айтуынша, Қазақстанда қоқысты өртеу зауыттарын салу мәселесі 2021 жылдан бері созылып келеді.

"Жоспарланған алты қоқыс өртейтін зауыт құрылысын жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтар бар. Расында да ұтып алған компания бұл жобаны жүзеге асыруды тоқтатуға ниет білдірді. Яғни, аукционда дәл осы алты зауыт өтті, олардың құрылысы жүргізілмейді. Жоба тоқтатылды".Мансур Ошурбаев

Департамент директоры жобаны қай қалаларда жүзеге асыру жоспарланғанын еске салды. Олар: Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз және Ақтөбе.

Ол сонымен қатар қалдықтарды жағу тарифтері мәселесі әлі пысықталып жатқанын айтты.

2020 жылдың күзінде Қазақстан қалаларында қоқысты өртеп, оны электр қуатына өңдейтін зауыттар салынады деген ақпарат пайда болды. Бұл идеяға сол кездегі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев үлкен үміт артқанымен, кейіннен экологтар қарсы шықты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: