Қазақстанда қоқыс полигондары жетіспейді: үкімет қандай шара қолдануда

Мусорный полигон, мусор, мусорная свалка, свалочный полигон, отходы, стихийная свалка, стихийные свалки, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2025 10:20 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 25 маусымда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында Қазақстандағы қалдықтарды орналастыру полигондарының көпшілігі толып кеткенін, әрі оларды рекультивациялау қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елде 2973 тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) полигоны тіркелген, оның ішінде тек 608 полигонның тиісті жобалық және рұқсат құжаттары бар, бұл жалпы санының 20,4%-ын ғана құрайды.

"Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының облыс орталықтарындағы полигондар 90%-дан астам толған, Астанада – 98%, ал Жезқазғанда – мүлде лық толы", – деді Ерлан Нысанбаев.

2023 жылы Үкімет 100 жаңа полигон салу, 8 қолданыстағы полигонның қуаттылығын арттыру және 5 полигонды рекультивациялау бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын бекітті.

Алайда қазіргі таңда, әкімдіктер тек 7 полигон салып, іске қосты. 23 полигон бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) дайындалды, ал 18 полигон бойынша құжаттама әзірлену үстінде.

"Ал қалған 52 полигон бойынша әкімдіктер ешқандай жұмыс жүргізбеген. Абай облысы бойынша – 22 полигон, Ақмола облысы – 4 полигон, Солтүстік Қазақстан облысы – 8 полигон бойынша құжаттардың мерзімі өтіп кеткен, ал түзету жұмыстары мүлде жоспарланбаған. Жалпы алғанда, жаңа алаңдар салынбай жатыр, себебі қаржыландыру жоқ. Осыған байланысты министрлік қоқысты утилизациялаудан түсетін қаражат есебінен полигондар салуға қаржы бөлу мәселесін қарастырды. Бұл 11 өңірде жалпы құны 53 млрд теңге болатын 43 полигонды қаржыландыруға мүмкіндік береді", – деді министр.

Оның дерегінше, елде жыл сайын 4,5 миллион тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі, ал 2024 жылы оларды өңдеу деңгейі – 25,8% ғана болған.

Бұған дейін "Таза Қазақстан" акциясына 2 миллион адамның қатысқандығын жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: