"Таза Қазақстан" президенттік бастамасына қанша отандасымыз қатысқандығы белгілі болды

"Таза Қазақстан" президенттік бастамасына қанша отандасымыз қатысқандығы белгілі болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2025 10:04 Сурет: primeminister.kz
2025 жылғы 25 маусымда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында президенттік "Таза Қазақстан" бастамасына шамамен 2 миллион адамның қатысқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл ауқымды экологиялық бастама азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Акция аясында 573 іс-шара өткізіліп, олардың барысында:

  • шамамен 189 мың тонна қоқыс жиналды,
  • 735 мың гектар аумақ тазартылды,
  • 2 миллионнан астам ағаш отырғызылды.
"Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы – азаматтардың табиғатқа құрметпен қарауын, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсінуін және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді араласуын көздейді. Бұл бастама халықты біріктіріп қана қоймай, патриоттық рухты күшейтіп, жалпыұлттық деңгейдегі іске айналды", – деді Ерлан Нысанбаев.

"Таза Қазақстан" бастамасын іске асыру аясында экологиялық өтініштерді бақылау және олар бойынша жедел әрекет ету үшін цифрлық платформалар белсенді түрде қолданылуда.

Мәселен, 2025 жылы Telegram желісіндегі @TazaQazBot онлайн-сервисы арқылы 11 мыңнан астам өтініш түскен, оның ішінде 10 мыңнан астамы орындалған.

Экология министрінің мәліметінше, цифрлық технологияларды қолдану қоғамдық кеңістіктер мен қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргізу тиімділігін арттырады.

Халықтан жиі түсетін өтініштер мынадай:

  • аумақтарды тазалау қажеттігі – 2963 өтініш,
  • қоқыс шығару – 662 өтініш,
  • көшелерді абаттандыру және тротуарларды күтіп ұстау – 607 өтініш.

Сонымен қатар, өтініштердің сапасыз немесе толық орындалмауына байланысты шағымдар да тіркелуде.

Бұған дейін Астанада вандалдардың жаңа LRT вагондарына граффити салып кеткендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: