Қазақстанда киіктердің саны 2,8 млн басқа дейін өсті

Қазақстанда киіктердің саны 2,8 млн басқа дейін өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 17:32 Сурет: wikimedia/Yakov Fedorov
ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында 2024 жылы киіктердің саны 2,8 млн басқа жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол елімізде жануарлар дүниесін қорғаудың сәтті тәжірибесінің тағы бір мысалы ретінде киік популяциясының 2003 жылғы 21 мыңнан 2024 жылы 2 млн 833 мың басқа жетіп, ал көктемгі төлден кейінгі саны шамамен 4 млн басты құрағанына тоқталды.

Қазіргі таңда әлемдік популяциясының 99%-ы Қазақстанда мекендейді.

"Халықаралық табиғатты қорғау одағы Қызыл кітапта киіктің табиғи қорғау мәртебесін үш санатқа жоғары көтеріп, "Жойылу қаупі төніп тұрған" санатынан "Қауіп төну шегіне жақын" санатына ауыстырды", - деп толықтырды Ерлан Нысанбаев.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: