Қазақстанда барыстардың саны екі есе артты

Қазақстанда барыстардың саны екі есе артты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 18:10 Сурет: pixabay
ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында қабылданған күш-жігердің арқасында Қазақстанда қар барыстарының санын екі еседен астамға көбейіп, 180 басқа жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол республикада қар барыстарының санын қалпына келтіру бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылданғанын, негізгі мекендеу орындарында 3,6 млн га алаңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанын (Іле Алатауы, Көлсай көлдері, Алтынемел, Сайрам-Өгем, Жоңғар Алатауы, Шарын, Тарбағатай, Катонқарағай МҰТП, Қаратау және Батыс Алтай МТҚ және басқа қорықтар) атап өтті, қазір барыстар мекендейтін жерлердің шамамен 70%-ы ЕҚТА ретінде қорғалған.

Есепке алу және мониторинг жүргізудің заманауи әдістері, фототұзақтар мен спутниктік телеметрия белсенді қолданылады. 11 барыс спутниктік арнайы мойын қарғысымен таңбаланды, алдағы уақытта ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін жетілдіру жоспарланып отыр.

"Қар барыстарын қорғау және мониторинг жүргізу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде олардың саны 90-шы жылдардағы ең төменгі деңгейден (80-100 бас) екі есеге артып, 180 басқа дейін жетті. Жануардың бұл түрін сақтап қалу жұмыстары жалғасуда, трансшекаралық және халықаралық ынтымақтастық белсенді даму үстінде", - деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: