Жаңалықтар тізбегі
0

Мусин цифрландырудың кемшіліктерін айтты

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2021 21:40 primeminister.kz
WhatsApp арқылы техникалық тексеруден өту – қауіпті.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин цифрлық трансформацияның негізгі мақсатын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің ІТ-индустриямыз қарқынды дамуда және мемлекет пен ІТ-қоғамдастығы арасында синергия бар болғандықтан цифрландыру алға жылжуда. Бүгінде халықаралық рейтингтерде бекітілген жақсы нәтижелер бар. Мысалы, біз бүгін БҰҰ-ның электрондық үкіметке дайындығы бойынша рейтингінде тоғызыншы орындамыз. Бұл рейтингте "Онлайн қызметтер" қосалқы индексі бар, онда біз әлемде 11-ші орын аламыз. Әлем қарқынды дамып келе жатыр", - деді Мусин.

Бірақ, оның айтуынша, цифрлық трансформация – бизнес-процестерді автоматтандыру емес, ең бастысы, цифрлық мемлекет құру процесінен қалыс қалмау деп санайды министр.

Бүгінде техникалық бақылауды WhatsApp арқылы рәсімдеуге болатыны ешкімге құпия емес. Полиция қызметкері көлікті тоқтатқан кезде, ол мәліметтер базасында көліктің техникалық тексеруден өткенін көреді. Бірақ WhatsApp арқылы техникалық тексеруден өту – қауіпті. Бүгін біз қанша апат болғанын көріп отырмыз. Біз техникалық бақылаудан өткізгенде ол адам тексеруге келіп, оның көлігі жолда техникалық пайдалануға дайын екеніне сенімді болуы керек, - деп түсіндірді министр.

27 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыруға жауапты вице-министрлер жұмысының нәтижелілігін сынға алған болатын.

Оның айтуынша, олардың басты міндеті – қазіргі бюрократиялық жұмыста емес, цифрлық реформалар мен қайта құруларды жүзеге асыру. Осыған байланысты президент жыл соңына дейін әр цифрлық вице-министр үшін нақты KPI әзірлеуді талап етіп, Премьер-Министрге олардың қызметіне көзқарастарды қайта қарауды және кадр құрамына баға беруді тапсырды.

Міндет – қызметтерді офлайн режимінен желіге ауыстыру ғана емес. "Цифрландыру" мемлекеттік қызметтердің және олармен байланысты сұраныстардың, жауаптардың, келісулердің санын қысқартуы тиіс. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер кешенді және белсенді болуы тиіс. Мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясын бюрократиямен, сыбайлас жемқорлықпен және тиімсіздікпен күрес құралы ретінде қарастырған жөн, - деп есептейді президент.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: