Жаңалықтар тізбегі
0

"Көлік ұтып алдыңыз!". Бір топ астаналық екі алаяқтың құрбаны болды

Алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2023 16:40 Сурет: freepik
Астанада интернет-дүкеннің тұтынушылар базасына қол жеткізген екеу тұтынушыларға телефон соғып, автокөлік ұтып алғандарын жеткізген. Жүлдені алу үшін тіркеу, кедендік рәсімдеу және техникалық тексеруден өту үшін алдын ала ақша аударуды сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы іске қатысты Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 23 және 24 жастағы екі қаскүнемді анықтады. 

"Зардап шеккендер 500 мыңнан 14 миллион теңгеге дейінгі қаражат жіберген. Қазіргі уақытта қаскүнемдер интернет-алаяқтықтың 16 фактісі бойынша күдікке ілінді. Күдіктілер қамауда отыр". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

 ҚР ҚК-нің 190-шы бабының 2 бөлігіне сәйкес, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, олардың елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақ болуды және ақша жөнелту кезінде қырағы болуды ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: