Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар мұнай-химия зауытын жөндеу мерзімінен бұрын аяқталды

pnhz.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2021 22:25 pnhz.kz
Қарашаның 1-інен бастап "ПМХЗ" ЖШС барлық өнім түрлерін қайта шығара бастайды.

"ҚазМұнайГаз" Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеу жұмыстарын мерзімнен бұрын аяқтап, іске қосу операцияларын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарашаның 1-інен бастап "ПМХЗ" ЖШС барлық өнім түрлерін қайта шығара бастайды.

Осындай жұмыстарды жүргізу үшін қолайсыз климаттық жағдайларға қарамастан, зауыт ұжымы қойылған міндетті жоспарланған мерзімнен бұрын сәтті орындап шықты.

Барлығы 933 бірлік технологиялық құбырдың, 19 бірлік техникалық бу құбырдың және 300 бірлік құрал-жабдықтың техникалық куәландырылуы, ревизиясы мен сараптамасы жүргізілді.

Зауытты жөндеу барысында бірқатар ірі жұмыстар атқарылды: мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінде колонна ауыстырылды, құрамында сутегі бар газ желісі мен су қайнатқышы жөнделді, мұнайды терең өңдеу өндірісінде пештердің газ өткізгіштері, трансферлік желі, қосарланған жылу алмастырғыш пен сепараторлар ауыстырылды.

Мұнайды бастапқы және терең өңдеу өндірістерінде биіктігі 180 және 120 метр түтін мұржаларының коррозияға қарсы қорғау жұмыстарын атап өткен жөн.

Жөндеуге кәсіпорын қызметкерлерінен бөлек мердігерлік ұйымдардың 1241 жұмыскері жұмылдырылды. Жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы, сондай-ақ зауыт пен мердігерлік ұйымдар ұжымының қажырлы еңбегі жоғарыда аталған барлық шараларды орындап, кәсіпорынды мерзімнен бұрын іске қосуға мүмкіндік берді.

Жөндеу кезінде атқарылған барлық шара өндіріс қауіпсіздігін лайықты деңгейде сақтап тұруға, зауыт шығаратын мұнай өнімдерінің сапасы мен барлық экологиялық көрсеткіштердің сақталуына септеседі.

Еске сала кетейік, биыл Павлодар мұнай-химия зауытын жөндеу мерзімі үш рет кейінге қалдырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: