Павлодар мұнай-химия зауыты бір айға жабылды

Павлодар мұнай-химия зауыты, жоспарлы жөндеу жұмыстары, жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 18:47 Сурет: Павлодар мұнай-химия зауыты
2024 жылы 17 маусымда Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар басталды. Зауыт 16 шілдеде штаттық режимде жұмысқа кіріседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоспарлы алдын алу жұмыстары – жыл сайын жүргізілетін процедура. Ол технологиялық жабдықтардың қауіпсіздігін және өндіріс тиімділігін арттыру үшін жасалады.


"Павлодар мұнай-химия зауытында қазіргі уақытқа дейін жанар-жағармай материалдары қорының тиісті көлемі қалыптасты. Жанармай ҚР Энергетика министрлігімен келісілген жоспарына сай жөнелтіледі. Сонымен қатар ҚМГ-ның басқа мұнай өңдеу зауыттарында жанармайдың жекелеген түрлерінің өндірісін ұлғайту бойынша жұмыс атқарылды. Аталмыш шаралар, ең алдымен, экономиканың әлеуметтік маңызды секторының қажеттілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: