Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры тағайындалды

Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2025 15:51 Сурет: Telegram/kmgpress
Маждай Ахметов 2025 жылғы 11 сәуірде Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазМұнайГаз мәлімдемесінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-нің жалғыз қатысушысы — "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ шешіміне сәйкес:

  • ПМХЗ-ның бұрынғы бас директоры (Басқарма төрағасы) Қуаныш Ердәулетұлы Бишімовтің өкілеттігі тоқтатылды.
  • Зауыттың бас директоры (Басқарма төрағасы) қызметіне Маждай Мағауияұлы Ахметов тағайындалды.

ҚМГ басшысы ПМХЗ-ның жаңа бас директорына өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтай отырып, зауыттың тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, кәсіпорынның операциялық тиімділігін арттыру, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру, соның ішінде дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау және кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшу бойынша нақты тапсырмалар берді.

М.Ахметов еңбек жолын 2010 жылы "ПМХЗ" ЖШС-де технологиялық қондырығылар операторы болып бастады:

  • 2010-2013 жж. – №3 технологиялық цехтың күкірт шикізатын абсорбациялау және газбен фракциялау қондырғысының 4-разрядты технологиялық қондырғылар операторы
  • 2013-2016 жж. – №3 технологиялық цехтың өндірісті дайындау жөніндегі инженері
  • 2016-2017 жж. – мұнайды бастапқы өңдеу кешенінің нафта сплиттері және изомерлеу қондырғысының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы
  • 2017 ж. қыркүйек – желтоқсан – жеңіл мұнай өнімдерін өндіру кешені изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы
  • 2017-2018 жж. – жеңіл мұнай өнімдерін өндіру кешені/мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының бастығы
  • 2018-2019 жж. – мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің операциялық үйлестірушісі
  • 2019-2021 жж. – мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің аға операциялық үйлестірушісі
  • 2021-2022 жж. – жеңіл мұнай өнімдері өндірісінің бастығы
  • 2022 – 2024 жж. – өндіріс департаментінің техникалық бөлім бастығы – бас технолог
  • 2024 ж.қазан – 2025 ж. қантар – бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженердің міндетін атқарушы

Бұл тағайындауға дейін "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер қызметін атқарды.

Бұған дейін Қуаныш Бишімовтың Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директор қызметіне тағайындалғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: