Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директор тағайындалды

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 10 сәуірде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның Instagram парақшасындағы мәлімдемеден белгілі болды.
ҚМГ басшылығы Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа бас директорының алдына операциялық тиімділікті арттыру, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайту, өндірістік процестердің сенімділігі мен энергия тиімділігі деңгейін арттыру, экологиялық жобаларды одан әрі іске асыру, 2025 жылы жоспарлы алдын алу жұмыстарын сапалы жүргізу және қызметкерлерге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жөнінде нақты міндеттер қойды. Зауыттың тұрақты және үздіксіз жұмысының маңызы атап өтілді.
Қ.Бишімов әр жылдары кеден органдарында, ҚР Экономика және сауда министрлігінде, ҚР Индустрия және сауда министрлігінде, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв"РМК-да жұмыс істеді. "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ Бас директоры, "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
Бұл тағайындауға дейін "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры болды.