Жаңалықтар тізбегі
0

Жанжалдан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директор тағайындалды

Абзал Досжанов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 14:56 Сурет: kmg.kz
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-да 2024 жылдың ақпан айында орын алған жанжалдан кейін жаңа бас директор тағайындалды. Бұл қызметке Абзал Досжанов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2 сәуірде ҚМГ сайтынан белгілі болды:

"Қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры лауазымына Абзал Досжанов тағайындалды."

Абзал Досжанов Атырау қаласының тумасы, еңбек жолын 2006 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғылардың операторы ретінде бастап, гидрогенизациялық процестер ауысымының бастығына дейін көтерілді.

Францияның мұнай институтында (IFP School) біліктілігін арттырғаннан кейін ол Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмысын кәсіпорынды жаңғырту жобасын сүйемелдеу тобының технология бойынша бас маманы қызметінде жалғастырды.

2010 жылдан бастап KMG International компаниясында Петромидия зауытының процестерін жақсарту жөніндегі менеджер, өндіріс жөніндегі директордың орынбасары, Rompetrol Petrochemicals бас директорының бірінші орынбасары, Rompetrol Rafinare операциялық директоры, Rominserv және Rompetrol Well Services компанияларының басшысы, Rompetrol Rafinare мұнай өңдеу зауытында бас директордың бірінші орынбасары – бас инженер лауазымдарында еңбек етті.

2023 жылдан бастап қазірге дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаменті мұнай өңдеу басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: