"Қазақ газеттері" ЖШС бас директоры тағайындалды
Сурет: akorda.kz
Ержан Байтілес 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. "Алматы ақшамы", "Алты Алаш", "Ана тілі", "Egemen Qazaqstan" секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілші болып қызмет атқарып, журналистиканың барлық сатысынан өтті.
2008-2011 жылдары республикалық "Ана тілі" газеті бас редакторының бірінші орынбасары болды. Кейін республикалық "Egemen Qazaqstan" газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеді. 2018-2019 жылдары "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.
2019 жылы Президенттің Баспасөз қызметі секторының меңгерушісі, 2021 жылдан 2023 жылға дейін Мемлекеттік кеңесші Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап Президенттің Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.