Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау мұнай өңдеу зауыты отын өндірісін уақытша тоқтатты

Атырау мұнай өңдеу зауыты, өндірістің тоқтауы, жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2023 12:04 Сурет: anpz.kz
2023 жылдың 1 қазанында Атырау мұнай өңдеу зауытында алдын ала жоспарланған тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зауыттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала жоспарланған тексеру жұмыстарын жүргізу – жабдықтардың тұрақты жұмыс жағдайын сақтап, өндірістің тиімділігін арттыруға арналған жыл сайын іске асырылатын шара.

Алайда баспасөз қызметі кәсіпорын қараша айының алғашқы онкүндігінде тұрақты жұмыс режиміне шығады деп жоспарланып отырғанын жеткізді. Жоспарланған жұмыстың жалпы еңбек сыйымдылығы 1 млн адам/сағ асады.

"Алдын ала жоспарланған тексеру жұмыстарын жүргізуге 1 600 жұмысшы мен 116 арнайы техника жұмылдырылмақ. Жоспарланған жұмыстың жалпы еңбек сыйымдылығы 1 млн адам/сағ асады. Технологиялық қондырғылар тоқтатылған кезде реакторлық жабдықтардағы катализаторлар ауыстырылады".

Аталған шаралар бірінші кезекте экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету, оның ішінде күзгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қажетті дизель отынын жөнелтіп, сондай-ақ ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған. 

Алдын ала жоспарланған тексеру жұмыстарының басында зауыт резервуарларында жинақталған мұнай өнімдерінің қоры:

  • 36 мың тонна автобензин,
  • 32 мың тонна дизель отыны,
  • 7,4 мың тонна әуе отынын құрайды.

Қазан айында қосымша 16 мың тонна автобензин, 28 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарда бар. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: