Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 қазан күні өндіріс тоқтатылады

Атырау мұнай өңдеу зауыты, мұнай өнімдері, жанар-жағармай өндірісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 11:08 Сурет: primeminister.kz
Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 қазаннан бастап жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты өндіріс уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау мұнай өңдеу зауыты өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына және ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес 1 қазанға жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстарына дайындалып жатыр.

"Жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстары жыл сайын өткізіледі және бөлшектердің, тораптардың, механизмдердің мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға, олардың жарамдылығын ұзартуға бағытталған технологиялық жабдықты күту, қадағалау, пайдалану және жөндеу жөніндегі іс-шаралар кешенін білдіреді", – делінген хабарламада.

Жоспарланған алдын ала тексеру жұмыстарына 1 600-ге жуық мердігерлік ұйымдардың қызметкері, сондай-ақ 116 бірлік арнайы техника жұмылдырылатын болады. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы "азаматтық қорғау туралы" Заңының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

"Бұл кезде өндірістің тоқтауы мұнай өнімдерін жөнелтуге әсер етпейді. Зауыттың резервуарларында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталмас бұрын жинақталған мұнай өнімдері 36 мың тонна автобензин мен 32 мың тонна дизель отынын құрайды. Сонымен қатар қазан айында 16 мың тонна автобензин және 28 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарланып отыр".Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі

Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру мен жөнелту ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес іске асырылмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: