Жаңалықтар тізбегі
0

Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты уақытша жабылды

АО НК КазМунайГаз, национальная нефтегазовая компания, нефтегазовая отрасль , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 14:26 Фото: kmg.kz
Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды. Кәсіпорын қазан айының аяғында қайта іске кіріседі.

Жөндеу жұмыстарына 2 мыңнан аса адам мен 70 арнайы техника жұмылдырылған.

Олар технологиялық құрылғылар мен құбырларды тексеріп, реакторлық жабдықтардағы катализаторларды ауыстырады.

Қазір зауыттың резервуар паркінде жанар-жағармай қоры жинақталған, деп жазады qazaqstan.tv.

30 мың тонна бензин, 15 мың тонна дизель және 500 тоннадай сұйытылған газ қоры бар.

"Зиянды заттардың ауаға шығарылуын болдырмау үшін жабдықтарды тазалау жұмыстары жабық жүйеде жүргізіледі. Жалпы жоспарлы алдын алу жұмыстары зауыттағы технологиялық қондырғылардың қауіпсіз қызметі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, өндірістің тиімділігін арттыру үшін қажет. Бұл жыл сайын өткізілетін шара." Болатбек Есқалиев, мұнай өңдеу зауыты бас механигінің міндетін атқарушы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: