Алматыда екі оқушы пышақталып, ауруханаға түсті

pixabay.com pixabay.com
Өз кезегінде, қалалық білім басқармасы оқыс оқиға №181 жалпы білім беретін мектептің және №178 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушылары арасында болғанын нақтылады.

Әлеуметтік желіде Алматыда екі оқушы пышақтан жарақаттанды деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Аталған факті Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жасөспірімдер арасында жанжал туындағаны анықталды, салдарынан олардың екеуі пышақтан жарақаттанды. Күдікті анықталып, ұсталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда, - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, қалалық білім басқармасы оқыс оқиға №181 жалпы білім беретін мектептің және №178 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушылары арасында болғанын нақтылады.

Аталған факті бойынша комиссия құрылып, қызметтік тергеу қолға алынды. Сабақтан тыс уақытта болған оқиға салдарынан екі оқушы пышақ жарақатын алып, №2 Балалар қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқушылардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, - деді Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, құзырлы ведомства білім беру ұйымдарында оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілгенін хабарлады.

Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша шаралар қабылданады, - дейді Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз