Жаңалықтар тізбегі
0

Республикалық олимпиададан 183 оқушы алтын медаль жеңіп алды

олимпиада, оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 12:48 Сурет: Білім және ғылым министрлігі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың ақтық кезеңінің қорытындысы бойынша 183 оқушы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал 274 оқушы күміс және 462 оқушы қола медаль иеленді. Осылайша еліміздің түкпір-түкпірінен келген барлығы 919 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Осылайша биыл медальдар саны былтырмен салыстырғанда көп болды. 2021 жылы республикалық олимпиадада 122 қатысушы алтын, 214 күміс және 349 қола медаль жеңіп алды.

Қорытынды кезең олимпиаданың барлық алдыңғы кезеңі сияқты Oqylyq.kz платформасында электронды форматта өтті. Ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау үшін олимпиада бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді. Тәуелсіз бақылаушылар процесті бақылап отырды.

Енді республикалық жарыстың жеңімпаздары іріктеуден кейін олимпиадалық резервке түсіп, оларға оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Нәтижесінде Қазақстанның намысын IMO сияқты ауқымды халықаралық олимпиадаларда қорғайтын ұлттық құрама жасақталады.БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов

Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 16 пән бойынша 266 805 оқушы, аудандық кезеңге 96 443 оқушы, облыстық кезеңге 14 369 оқушы қатысты. Ал ақтық кезеңде 2 070 оқушы жүлделі орындарды сарапқа салды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: