БҒМ оқушының суициді туралы: тергеу нәтижелерін күтеміз

pxhere pxhere
8-сынып оқушысы Алматыдағы биік үйдің 11-қабатының терезесінен секіріп кеткені белгілі болды.

Алматыдағы мектеп оқушысының өліміне байланысты әлеуметтік желілерде қарама-қайшы ақпарат таралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін 8-сынып оқушысы Алматыдағы биік үйдің 11-қабатының терезесінен секіріп кеткені белгілі болды.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қайғылы жағдайда қаза тапқан 7-сынып оқушысының ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде оқушының қайтыс болуына байланысты қарама-қайшы ақпарат тарап жатыр. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері қаза тапқан оқушының ата-анасымен байланыста.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізуде. Тергеу мүддесі үшін жағдайдың егжей-тегжейі жария етілмейді. Тергеу нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады. Сондықтан тергеу амалдарынан кейінгі ресми қорытындыны күтуіміз қажет. Ата-аналарды, мұғалімдер мен мектеп басшыларын балалармен қарым-қатынаста асқан мейірімділік танытуға шақырамыз. Өйткені балаларымыздың өмірі мен денсаулығы қоғамның басты құндылығы болып табылады, - деп хабарлады комитет.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз