НЗМ Алматыдағы оқушының суицидіне түсініктеме берді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2021 18:56 pixabay.com
Бұған дейін сегізінші сынып оқушысы Алматыдағы биік үйдің 11-ші қабатының терезесінен секіріп кеткені белгілі болды.

Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушының суицидіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің әкімшілігі 28 қазанда оқушымен сабақтан тыс уақытта болған жазатайым оқиға фактісін растайды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты жария ете алмайды және түсініктеме бере алмайды, деді Алматы НЗМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін сегізінші сынып оқушысы Алматыдағы биік үйдің 11-ші қабатының терезесінен секіріп кеткені белгілі болды. Қайғылы оқиға әлеуметтік желілерден белгілі болды.

Аталған факті Бостандық аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК 105-бабы бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелген. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайлары іс жүргізу барысында анықталатын болады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, дейді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: