Қазақстандық екі боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

olympic.kz olympic.kz
1/8 финалға Қазақстаннан Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Махмуд Сабырхан (54 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін) және құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келіге дейін) өтті.

54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Махмуд Сабырхан Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Боксшы Оңтүстік Кореядан келген Ин Гю Киммен өткізген алғашқы жекпе-жегінде 5:0 есебімен қарсыласын жеңді.

Сабырханның келесі қарсыласы шотландиялық Мэттью Макхейл болады. Кездесу 31 қазанда өтеді.

92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай да бірінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

Оралбай 1/16 финалдағы қарсыласы поляк боксшысы Матеуш Березницкиді 4:1 (29:28, 29:28, 29:28, 29:28, 28:29) есебімен жеңді.

Бұған дейін 1/8 финалға Қазақстаннан Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін), Махмуд Сабырхан (54 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін) және құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келіге дейін) өткен болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз