Бокстан ӘЧ-2023: Серік Теміржанов ширек финалға жолдама алды

Бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2023 16:32 Сурет: instagram.com/boxingkazakhstan
Серік Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда мажарстандық Ролан Верешпен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша Серік Теміржанов Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Алдында ол Мали боксшысы Абдула Батилиді сан соқтырған болатын. 

Теміржанов бокстан 2021 жылғы Әлем чемпионатының, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері болып табылады. Ролан Верешке келетін болсақ, ол - бокстан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ кикбоксингтен бес дүркін Әлем чемпионы. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: