Жасөспірім өлімі. НЗМ оқушылары белдемше киіп, наразылық білдірді

Zakon.kz Zakon.kz
Мектеп ауласындағы флешмобқа түрлі сыныптағы оқушылар қатысқан.

Алматыда оқушылар жаппай белдемше киіп қарсылық білдірді. Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын жеткіншектер 8-сынып оқушысының өліміне қатысты осылай наразылық өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, екі күн бұрын қаладағы тағы бір Назарбаев зияткерлік мектебінде Гарри Поттер тақырыбындағы кешке белдемше киіп келген ер бала соңынан 11-ші қабаттан секіріп өлген болатын. Ал бүгінгі шараны ұйымдастырушылар марқұмға мектеп әкімшілігі тарапынан қысым көрсетілгенін айтты.

Дариға Жаңабаева, акцияны ұйымдастырушы:

Бұл жай ғана қалжың болатын. Оған ерекше көрінген ұнайтын. Бізге лагерьде бірге болғанда соңғы күні белдемше киіп өзіне көңіл аудартқан еді. Бәрі әзіл ғана. Бұдан еш жамандық көріп тұрғаным жоқ. Әзіл ретінде көрсеткісі келген. Бірақ содан кейін оған қысым басталған. Біз жаңа ұрпақпыз, басқаша ойлаймыз. Ұстаздар бізді сол күйінде қабылдап кедергі жасамаса екен дейміз.

Мектеп ауласындағы флешмобқа түрлі сыныптағы оқушылар қатысқан. Олардың арасында ер балалар да белдемше киіп алған. Шараны ұйымдастыруға мектепті бітіріп кеткен түлектер де атсалысыпты. Киімде тұрған сөкеттік жоғын меңзеген жеткіншектер суицидке итермелеген оқиғаны айыптайды.
Ал наразылық шарасының өткенін растаған мектеп ұжымы: "Ешкімге қысым көрсетілмейді, алайда оқушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз", - дейді.

Кеше Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын 8-сынып оқушысының суицид жасағаны жөнінде түрлі ақпарат тараған. Ал бүгін "Гарри сауық кешіне" белдемше киген оқушыға мектеп әкімшілігі айқайлап, кейін оны психологқа сүйреп әкелгені айтылды. Тіпті сол оқиғадан соң ата-анасын шақыртыпты. Баланың әрекеті үйде жанжалға ұласып, артынша ол 11-ші қабаттан секіріп кеткен. Қазір қайғылы жағдайға қатысты "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз