Павлодардың кәсіпкерлері қазақ тілін үйреніп жүр

Zakon.kz Zakon.kz
Дәрісті "Ана тілі" орталығының басшысы Шолпан Кинжикова жүргізді.

Павлодарда "Инвесторлар үйінде" Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Ана тілі" орталығының ұйымдастыруымен шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz-ның хабарлауынша, аталған іс-шара облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен "Атамекен" кәсіпкерлер Палатасының облыстық филиалы арасындағы меморандум аясында ұйымдастырылды.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Ержан Советұлы бизнесмендерге тіл туралы заңнаманың негізгі талаптарын түсіндіріп өтті. Оған қоса, басқарма өкілі жақында "Инвесторлар үйінде" "Атамекен" кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе кәсіпкерлерге арналған тілдік фронт-офис ашылатынын айтты.

Дәрісті "Ана тілі" орталығының басшысы Шолпан Кинжикова жүргізді. Ол әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы аудиторияға қазақ тілінің негізгі емле-ережелерін жеңіл түрде жеткізуге тырысты.

Мысалы, тәжірибелі лингвист ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі ұқсастықтар арқылы қазақ тіліндегі кейбір әріптердің дыбысталуын, екпін қою және басқа да ережелерді көрсетті.

Біздің мақсатымыз – тілді үйрету, - дейді Шолпан Кинжикова. – Өмірге қажетті деңгейдегі тілді жеңіл әрі түсінікті формада жеткізуге тырысамыз. Қазақ тілін үйрену қиын деген бос сөз – мотивация болса болды.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз