Жаңалықтар тізбегі
0

Корея халқы тоғызқұмалақ ойнауды үйреніп жүр

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2020 17:24 24.kz
Бұл елде алғашқы тоғызқұмалақ үйірмесі бұдан бір жыл бұрын Сеул маңында ашылған болатын.

Қазақтың ұлттық ойынына арналған 10 тақта корей ойын үйірмелеріне табысталды. Кореядағы Елшілігіміз бұл рәсімді Абайдың 175 жылдығына орайластырды. Өйткені тоғызқұмалақ хакімнің сүйікті ойыны болғаны белгілі, деп хабарлайды "Хабар-24".

Қатысушыларға тоғызқұмалақ тақталарымен қатар Абайдың корей тіліне аударылған жинақтары ұсынылды. Бұл елде алғашқы тоғызқұмалақ үйірмесі бұдан бір жыл бұрын Сеул маңында ашылған болатын.

Чо Хён Сук, ойындарды зерттеу ұйымының басшысы:

- Тоғызқұмалақ математикалық ойлаудың дамуына ықпал етеді. Өткен жылдан бастап Корея ойындарға үлкен мән беріп отыр. Әрине мобильді және компьютерлік ойындармен айналысатын балалар көбейіп келеді, бірақ осындай ойындар нәтижесін болжауға болады және адам қарсыластың эмоциясын көрмейді. Үстел ойындарында жаңа жағдай қалыптасады, басқа ойыншының реакциясын бақылау керек. Сондықтан үстел ойындары балалардың қоғамға бейімделуіне және ақыл-ойын дамытуға көмектеседі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: