Қазақстандықты электромобиль алуға ынталандыратын не бар?

pixabay pixabay
Астана, Алматы және Павлодарда көлік зарядтайтын 110 электр станциясы орнатылған.

Электромобиль иелері көлік салығын төлеуден босатылған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтарды электрокөлік сатып алуға ынталандыру үшін олардың иелері көлік салығын төлеуден босатылды, - деді ол Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бүгінде Астана, Алматы және Павлодарда көлік зарядтайтын 110 электр станциясы орнатылған.

Вице-министр экологиялық таза көлік өндірісін дамыту үшін отандық кәсіпорындарда Саран және Алматы қалаларында электроавтобустар, ал Қостанайда электромобиль өндірісі қолға алынғанын атап өтті.

Дайана Тоқберген

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз