Байқоңыр қаласында мешіт салынатын болды

pixabay pixabay
Мешіт 2000 орынға есептелген, құрылысты 2022 жылы аяқтау жоспарланған.

Байқоңыр қаласындағы тұңғыш мешіттің құрылысына дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының бастамасы мен қала әкімшілігінің қолдауымен Гагарин көшесінде жаңа сәулет нысанын, мұсылман мешітін салу жобасы әзірленді, - деп хабарлады Байқоңыр қаласының әкімшілігі.

Мешіт құрылысы қала құрылысын аймақтарға бөлу картасын, сондай-ақ Байқоңыр қаласының жерді пайдалану мен құрылыс жүргізу ережелерін өзгертуді талап етті. Қазіргі уақытта осы құжаттар бойынша мәселелер шешілуде, дейді sputnik.kz.

"Мешіт құрылысы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен және жеке тұлғаның қаражаты есебінен жүргізіледі", - деп хабарлады Қазақстан президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі Қызылорда облыстық басқармасы.

Мешіт 2000 орынға есептелген, құрылысты 2022 жылы аяқтау жоспарланған.

Қазір құрылысқа арналған жер телімі анықталып, жобалау алдындағы құжаттама дайындалуда.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз