Бұрынғы мешіт ғимаратындағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Сурет: pixabay
Дәрігерлер Ақмола облысы Сабынды ауылындағы бұрынғы мешіт ғимаратта болған жарылыстан кейін зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана денсаулық сақтау басқармасы оқиғадан кейін қаладағы ауруханаларға 16 адамның жеткізілгенін хабарлады. Оның үшеуі – бала.
"Қабылданған барлық науқастың алдын ала диагнозы — өрттің салдарынан алған әртүрлі дәрежедегі термиялық күйік. Зардап шеккендердің бәріне қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
17 қарашада жерлеу рәсімі өтіп жатқан бұрынғы ауылдық мешіттің ғимаратында газ жарылысы болды, салдарынан үш адам: 46 жастағы ер адам, 41 жастағы әйел және 12 жастағы бала қаза тапты.
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті Сабынды ауылындағы газ жарылысы кезінде қазіргі Жақсыгелді мешітіне зақым келмегенін мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript