Сарапшы: Ақша жоқ, экономика быт-шыт, жағдай тревожный

Zakon.kz Zakon.kz
Мемлекеттік қаржы маңызы жоқ дүниелерге жұмсалып, ақша далаға кетті.

Экс-дипломат Қазбек Бейсебаев елдегі қазіргі экономикалық жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды.

"Инвестиция деген - қолдағы қаражатты қандай да бір өндірісті дамытуға салып, сол арқылы келешекте пайда табу. Бізде ол тек шикізат өндірісімен тығыз байланысты. Сондықтан шетелдік инвестицияның бәрі сол салаға кетті. 2008 жылы дағдарыс болса да, ол экономикамыздың дамуы үшін ең қолайлы кезеңнің бірі болды. Шетелден инвестиция тартпай-ақ, көп нәрсе жасауға мүмкіндік болды. Экономикамызға әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін алу керек еді", - деп жазды Бейсебаев.

Оның айтуынша, өзге елдердің озығын өз тәжірибемізге енгізу арқылы өз экономикамызды аяққа тұрғызып алуға мүмкіндік болды. Мысалы немістермен көлік инфрақұрылымын дамыту, француз, жапондар және оңтүстік кореялықтармен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сияқты дұрыс дүниелерді үйреніп алуға болатын еді.

Сонымен қатар, экс-дипломат тұздық үшін қызықты мәліметтер келтірді.

2016 жылдың аяғында тұңғыш Президент Токио мен Сеулге барып, Қазақстанға жапондық және оңтүстік кореялық фирмаларды жұмыс істеуге шақырды. Бірақ көріп отырғанымыздай, елге қызығушылық танытқандар аз болды. Өнеркәсіп саласында маңызды ештеңе жасалмады. Жыл сайын мыңдаған кәсіпорындар салынды, дегенмен іс жүзінде ештеңе өзгермеді. Тек әдемі сөздер болып қалды, - дейді сарапшы.

Сондай-ақ, пост авторы мемлекеттік қаржының маңызы жоқ дүниелерге жұмсалып, ақшаның далаға кеткеніне қатты өкінеді.

Озық елдермен пайдалы ынтымақтастықтың орнына мемлекеттік қаржы бос бағдарламалар мен мән-мағынасыз ауқымды іс-шараларға жұмсалды. Мысалы ЭКСПО ұйымдастыруға кеткен қаржының орнына (бейресми ақпарат бойынша 5 миллиард доллардан астам қаржы жұмсалған) мұнай өңдеу немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу зауыттарын салуға, ҚТЖ жұмысын жақсартуға, жаңа жолдар салуға болатын еді. Бірақ ештеңе жасалмады. Қазір бізде не бар, ештеңе жоқ. Ақша жоқ, экономика быт-шыт, жағдай тревожный, қысқасы, деп қосып қойды Қ.Бейсебаев.

Дайана Тоқберген

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз